7 жылға сотталған экс-әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова түрмеден шықты

30
Пара алу ісі бойынша сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова түрмеден босатылды. Сот оның жазасын бас бостандығынан айырудан бостандығын шектеуге ауыстырды.

Жемқорлық ісі бойынша сотталған Хаменова түрмеден босатылды Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова енді түрмеде жазасын өтемейді.

Сот оның бас бостандығынан айыру жазасын бостандығын шектеу жазасына ауыстырды. Қандай негізде шешім қабылданды?  16 наурыз күні Атырау қаласының №2 соты пробация қызметінің ұсынысын қарады. Үш жылдық жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі (баласының кішкентай болуына байланысты берілген) аяқталғанға дейін, яғни 2026 жылғы 10 наурызға дейін Хаменова заң бұзбаған және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Осыны ескерген сот қалған жаза мерзімін бостандығын шектеумен алмастырып, пробациялық бақылау белгіледі. Бақытгүл Хаменоваға қатысты үкім 2022 жылдың қараша айында шыққан. Ол пара алу ісі бойынша кінәлі деп танылған.

Іс 4,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа байланысты болған. Бұл қаржы Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жобасымен байланысты делінген. Сол кезде сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға үкім шығарған. Алайда кішкентай балаларына байланысты жаза өтеу үш жылға кейінге қалдырылған еді.

Хаменова өз кінәсін мойындамай, үкімге шағым түсіргенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалған.

Еске салайық, бұған дейін желіде Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың үйлену тойында жүрген видеосы тараған еді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бақытгүл Хаменованың тойдағы бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді.

Фото: parlam.kz

Stan.kz ақпарат агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.