69 мың теңге айыппұл. Мұғалімді боқтағандардың қанша теңге төлейтіні белгілі болды

114

Мұғалімді боқтағандардың қанша теңге төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды 08info.k  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.

2023 жылғы наурыз айынан бастап заңға қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 30 тәулікке қамауға алынатыны туралы өзгерістер енгізіледі.

Осындай нормалар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына енгізілді. Олар заңды күшіне наурыз айының басында енеді. Сондай-ақ осы баптың санкциясына сәйкес, 20 АЕК айыппұл төлейді немесе қамауға алынады, — деп түсіндірді Әділет министрлігі өкілі.

Мұқанова бұл балағат сөз айтқаны үшін енгізілген жалғыз норма емес, сонымен бірге тағы бірнеше норма заңда қарастырылғанын айтты.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасында және тұрмыста балағат сөз айтаны үшін ескерту немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ осындай сөздерді айтқаны дәлелденсе, бұл сот органдары қарайтын бапқа жатқызылады. Сот органдары сот шешімін шығаратан кезде екі нұсқаның қайсысын қабылдайтынын қарайды, — деп түсіндірді вице-министр ОКҚ-да.

2023 жылдан бастап 1 АЕК 3450 теңге болып бекітілгенін еске сала кетейік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.