Актриса жылжымайтын мүлікке қол жеткізу үшін 6 жыл бойы қаражат жинаған.
«Сүйінші! Алматының төрінен, Алатаудың бөктерінен үй алдым. 32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, көбісінің қолынан келмейтін үлкен іс жасадым. Осы үйді алу үшін 6 жыл бойы ақша жинадым. Өз мақсатыма жеттім. Пәтер емес, жер үй алуды ойладым. Сөйтіп 300 шаршы метр үй алдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын», — деді ол.
Желі қолданушылары жарыса жылы лебіз білдірді.
«Қуаныштымын», «Құттықтаймын», «Бізге жұғысты болсын», «Үй бақыт алып келсін», «Жарайсыз» – деді олар.
https://turkystan.kz/article/240531-aza-ara-zhamylma-an-m-ldir-uelbekova-zin-syn-a-al-andar-a-zhauap-berdi