59 млрд тенге: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті

215

 

«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы — бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

Шартты жинақтар — зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.