Аудан әкімі ағаш егу жұмыстарымен танысты

68

Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Орман шаруашылығына қарасты Тәтті орман алқабына жоспар бойынша отырғызылып жатқан қарағаш егу жұмыстарымен танысты. ⠀
Орман алқабындағы ағаш егу жұмыстары туралы Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Самат Токушбеков баяндап, Орман шаруашылығының кешенді жоспарына сәйкес, 2024 жылы 500 гектар жерге 1100000 дана қарағаш егілетінін жеткізді. ⠀
Аудан әкімі өткен жылы әкімдік тарапынан орман шаруашылығына 5,0 га жер тұқымбаққа арнайы берілгенін, сонымен қатар тұқымбақ аумағын жалпы орман шаруашылығы және ауданды көгалдандыруға жеткілікті ағаш алатындай етіп ұлғайту қажеттігін атап өтті.⠀
Сондай-ақ мекеме басшысының уақытша жұмысшылар қажеттігі және жас мамандарды орман шаруашылығы жұмысына үйрету қажеттілігі туралы сұранысына қолдау білдіретін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.