50 мың жылда бір рет: Жерге алып комета жақындап келеді

143

Астрономдар С/2022 E3 (ZTF) кометасын наурыз айының басында анықтады.  Содан бері комета айтарлықтай жақындап, қазіргі таңда Солтүстік Корона солтүстік шоқжұлдызының үстінен ұшып жүр.

Комета қазір Жерден 188 миллион шақырым қашықтықта орналасқан. 2023 жылдың 1 қаңтарында ол Күнге максималды түрде жақындады, ал 1 ақпанда біздің планетамызға барынша жақын келеді.

Ғалымдар таяуда ғана кометаның алғашқы анық фотосуретін түсірді. Комета жуырда бізге шамамен 41,8 миллион шақырымға жақындайды, сол кезде оны көзбен көруге болады.

C/2022 E3 (ZTF) 2020 жылдың шілдесінде байқалған NEOWISE кометасынан кейін көзге көрінетін алғашқы комета болмақ.

https://stan.kz/50-min-zhilda-bir-ret-zherge-alip-kometa-zhakindap-kele-375585/

Leave A Reply

Your email address will not be published.