40,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда

106
Таразда «Grand bazaar» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылды.
Жәрмеңкеге 21,1 млн. теңгені құрайтын 40,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 8,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 4,6 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 1,1 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 16,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері ұсынылды.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.