4-маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні.

203

Ауданымыздағы «Жасай бер, Қазақстан» саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған патриоттық форум өткізілді.

Форумға аудан әкімі аппараты мен бөлім қызметкерлері, білім бөлімі мекемелерінің қызметкерлері, ауыл әкімдері қатысты. Сонымен қатар, орталықта орналасқан мектептерден 250 оқушы ұйымдастырылды.

Форум аясында аудандық мәслихат төрағасы Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы жиылған жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтады.

Форумға қатысушылар қолдарын жүрек тұсына қойып, патриоттық рухпен Мемлекеттік Гимнді орындады. Мектеп оқушыларының «Жаса» флеш-мобы тамашаланды. Саябақта суретшілердің туындысынан сурет көрмесі ұйымдастырылған.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік Туды ұстаған қызметкерлер мен оқушылар вело-шеруге қатысып, патриоттық сезімдерін асқақтата түсті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.