Бүгін – Халықаралық архив күні

470
Бүгін – Халықаралық архив күні!
Бұл кәсіби мерекені дүние жүзіндегі тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін мамандар атап өтеді.
Мерекені дәл осы күні белгіленуі бекер емес, себебі 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архивтер кеңесі құрылған болатын. Ал 2007 жылы қарашада Канаданың Квебек қаласындағы Бас ассамблеяда «9 маусым – Халықаралық архивтер күні» деп ресми түрде бекітті. Ал Қазақстанда архившілер күні 2020 жылы Үкіметтің қаулысымен 22 желтоқсан деп бекітілген, ал ресейлік әріптестер 10 наурызда, беларустар 6 желтоқсанда, қырғыз елінің архившілері 30 тамызда атап өтеді. Архив күні әр елде түрлі уақытта белгіленгенімен, дәл осы күн әлемдегі барлық архившілерді біріктіреді.
Елімізде құжаттарды құнттайтын 200-ден аса архив бар, олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сай жұмыс істейді. Жалпы архивтік деректер адамзаттың саяси тарихы, экономикалық және әлеуметтік дамуының құжаттарын жинайтын негізгі мекеме саналады. Сондықтан Архивтер күні сала мамандарының кәсіби мерекесі ғана емес, жалпы халықтың назарын аудару үшін белгіленген атаулы дата.

Leave A Reply

Your email address will not be published.