35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді

110

35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгіннен бастап жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енді. Естеріңізде болса, Президент былтыр 26 желтоқсанда заңға қол қойған еді. Ережеге сай, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді.
Соған сәйкес, бұдан былай, Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Бұл дегеніңіз, елімізде жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға көбейді деген сөз. Ендеше, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көретін жастар саны да артады.
Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып отырған реформалардың бір көрінісі екені анық» деп жазды министр.
https://turkystan.kz/article/215078-35-zhaska-deyingiler-zhastar-sanatyna-kiredi-2/

Leave A Reply

Your email address will not be published.