21 жасар шетел азаматы қазақстандықтардың көліктерін сатып жіберген

229

Нұр-Сұлтанда жалға алынған автокөліктерді сатумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«21 жастағы шетелдік қысқа мерзім ішінде тоғыз автомобиль сатып үлгерген. Олардың алтауы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды», — делінген сейсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, шетелдік азамат автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға алған, содан кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ол ұрлаған басқа көліктерді іздестіруде.

inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.