2023 жылдың бірінші жартысында Мәжіліс таратылады

142

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палатаның жалпы отырысынан кейін Парламент сайлауының қашан өтетінін айтты деп хабарлады 08 инфо  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялады. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек», – деді спикер.

Сондай-ақ сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

«Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма, жаңа Үкімет бола ма, ол туралы Президент шешім қабылдайды», – деді Ерлан Қошанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.