«2 жыл бұрын зауытта жұмыс істедім»: «Қайрат» ойыншысы Жоржиньо Чемпиондар лигасындағы сенсацияға қатысты ойын айтты

31

Алматылық «Қайрат» сапында ойнайтын португалиялық футболшы Жоржиньо командасының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына қатысты ойын ортаға салды

«Екі жыл бұрын осыны армандаған едім, бірақ қол жеткіземін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Ол кезде мен әуесқойлар арасында ойнап жүрдім және зауытта жұмыс істедім. Ал қазір сол арманмен өмір сүріп жатырмын», – дейді футболшы.

Жоржиньо командасына Еуропаның басты клубтық турниріне жолдама берген пенальти сериясы туралы да айтты.

«Маэда тебейін деп жатқанда мен өз пенальтиімді орындауға дайындалып жатқан едім. «Селтик» ойыншысы гол соғатын болса, келесі мен тебетін болдым. Бақытымызға орай, Темірлан бізді құтқарып, жеңіс сыйлады. Бұл – менің мансабымдағы ең үздік сәт. Мүмкін жалпы кезеңде де біраз атой салатын шығармыз, алдағы уақытта көре жатармыз. Бізге командада бар жауынгерлермен ойынға шығуға тура келді. Бұл – футбол, мұндай жағдайлар болып тұрады. Әрқайсымыз керемет ойнадық. Ал Эдмилсон жақын арада алаңға оралады деп үміттенемін», – дейді ойыншы.

Сондай-ақ ойыншы Чемпиондар лигасындағы қуанышпен қатар, Қазақстан чемпионатына да назар аудару маңызды екенін баса айтты.

«Чемпиондар лигасы мен ішкі чемпионат матчтары басқаша. Мұндай ойыннан кейін біз эмоцияны бір жаққа ысырып, синтетикалық алаңда ойнауымыз керек. Егер келесі жылы Чемпиондар лигасында ойнағымыз келсе, чемпионатқа да назар аударуымыз керек», – дейді ол сөз соңында.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.