2 миллион Қазақстан азаматының жеке дерегі желіде жария болған

232

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Zaimer.kz микроқаржы ұйымы хакерлік шабуылға ұшыраған. Салдарынан тұтынушылардың ақпараты telegram-дағы ашық топта жария болған.

Онда адамдардың аты-жөні, телефон нөмірі мен электрондық поштасы, жеке куәлік деректері, тіпті жұмысы туралы ақпарат пен банк шоттары туралы мәліметтері бар. Цифрлық даму министрлігі осы жайтқа байланысты егов мобайл арқылы азаматтарға ескерту жіберген. Хабарландыру алған тұрғындарға ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға кеңес берілді.

 

https://turkystan.kz/article/240766-2-million-aza-stan-azamatyny-zheke-deregi-zhelide-zhariya-bol-an

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.