Түзеу мекемелерінде МАНДАЛА арттерапиясы өткізілуде

181

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру және сотталғандарды, оның ішінде жазаның ұзақ мерзіміне 2022-2024 жылдарға арналған психологиялық қолдауды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарының» талаптарын орындау мақсатта, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесінде сотталғандарға арналған психологиялық клуб ашылуда, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде аталған іс-шараға мекеменің 5 сотталған азаматтар қатысты.
Мандаланы бояу әдісі – бұл әдетте балалық шағымызбен байланыстыратын әрекет. «Мандала» сөзі «шеңбер» дегенді білдіреді. Мандала индуизм мен буддизмнің үнді және тибет діндерінде медитацияны жеңілдету үшін көптен бері қолданып келе жатқан әдістеме. Бұл әдістеме сотталғандарға арт терапия ретінде көптеп қолданылады, яғни бойындағы күйзелістен арылуға бағытталған, стрессті жеңіл қабылдауға және үрей-қорқынытан арылуға бағытталған арт терапия.

№25 мекемесінің
аға инспектор психологы
әділет капитаны Ибраимова Г.Ж. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.