Орынбеков тұрғындар өтінішіне құлақ асты

177
Күні бұрын Тараздағы 15 шағын ауданы, №35-ші үйдің тұрғындары жарық мәселесі бойынша шағымданған болатын, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz».
Кеше «Ұлы дала» шағын ауданына қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, талап-тілегін тыңдады. «Жарыққа жарымай отырмыз» деген жұрттың мәселесі бірден назарға алынып, электр желісіне жауапты мекемеге құжаттар тапсырылды.
Нәтижесінде, бүгінгі күні көпқабатты үйде жарық желісін қосу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар тұрғындар мердігер тарапынан ішкі сырлау жұмыстарының сапасыз жасалғаны тілге тиек етілді.
Өз кезегінде шаһар басшысы тиісті бөлім басшыларына 80 пәтерлі тұрғын үйдегі сапасыз жасалған жұмыстар бойынша жұмыс тобын құруды,және дефекттік акт негізінде мерідігермен жұмыстарды 1 аптада көлемеінде аяқтауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.