«18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды»: 2024 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар кімдер?

69

Жағымды оқиғаларды жинағанда Stan.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшасына сүйендік. Қаралым, лүпіл, пікір саны сол жердегі деректер бойынша берілген.

Шымкентте 18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды

25 шілдеде Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы болды. Донор 18 жастағы азамат екен. Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмған. Кейін оның жүрегі басқа адамға ауыстырылды.

Желіде тараған видео көпті сүйсіндірді. Онда жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, кейін алып жатқаны байқалады. Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Сүйгенбаев Дархан, оператордың көмекшісі Балымов Жасарал және анестезиолог Перменов Бекжан жүргізді.

 

Әкесі мен баласының араға 10 жыл салып түсірген видеосы халықтың жүрегін елжіретті

Желіде тараған видеода әкесінің баласын алғаш сабаққа апарған кезі мен бірнеше жылдан соң оның дәл солай 11-сыныптағы соңғы қоңырау сәті көрсетіледі. Басында бала қолына гүл ұстап, мектепке алғаш бара жатып, әкесіне мектебі қайда екенін, қай сыныпқа бара жатқанын білмейтінін айтады. Әкесінен “әке мен үлкен болып кеттім бе” деп сұрайды. Әкесі де оған “иә” деп жауап береді.

Ал видеоның жалғасында ол баланың бірнеше жылдан соң 11-сыныпқа өтіп, дәл солай әкесімен бірге мектепке бара жатқаны көрсетілген.
– Балам қайда барасың?
– Сабаққа…
– Нешінші сынып?
– 11-сынып, әке мен үлкен болып кеттім бе?
– Иәә үлкен болдың , – делінген әкесі мен баласының диалогында.

Бұл видеоға желіде жұрттың жүрегі елжіреп, көптеген пікір қалдырды. Видео біздің парақшамызда 26 мың лүпіл жинады.

 

Ақтау тұрғыны мүмкіндігі шектеулі көршісі үшін шұрық тесік жолды өзі жөндеп көпті сүйсінтті

Бұл видео парақшамызда 8 мыңнан астам лүпіл жинады. Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеуге кіріскен. Әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап үндеу жариялады. Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Сондықтан әйелге мүгедектер арбасымен тікелей жол бойымен жүруге тура келеді. Бұл оның да, баласының да өміріне қауіп төндіреді.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолдың бұл бөлігін жөндеуге уәде берген. Алайда 14 ықшамаудандағы №45 үйдің тұрғыны әкімдікті күтіп отырмай, мүгедектігі бар әйел тұратын №47 үйдің жанындағы жолдағы шұңқырларды өз бетімен жөндеуге кіріскен.

 

Қазақстандағы сән салоны үш баланың анасын адам танымастай өзгертті

Видео желіде пайда болды, оны көргендер таңданысын жасыра алмады. Бас кейіпкер – Алмагүл есімді әйел. Үш баланы тәрбиелеп отырған ананың өзіне көңіл бөлуге уақыты болмаған. Ол сұлулық салонына барып, қызының мектеппен қоштасу кешіне бояндырып беруді сұраған.

Ролик кейіпкерінің алдыңғы тістері жоқ екен. Бұл жобаға тіс дәрігері тегін қатысып, тіс салып берді. Салон қызметкерлері әйелге өзінің жаңа бейнесі ұнауы үшін мүмкіндігінше бәрін сапалы істеуге тырысқан. Әрі қарай Алмагүлге қолайлы киім таңдалды. Салон қызметкерлерінің айтуынша, нәтижесі барлығын таңғалдырған.

«Мүлдем өзгердім, таң-тамаша болдым, көмектескендердің барлығына өте ризамын, сіздерге көп рақмет», – деді Алмагүл өзін айнадан көріп. Видео 8 мыңнан астам лүпіл жинаған.

 

Қызды арқалап ағынды судан өткізіп жіберген жігіттің әрекеті көпті сүйсінтті

Әлеуметтік желіге тарап, көптің жылы ықыласына бөленген видеода көшеде екі азаматтың келе жатқанын көруге болады. Олардың бірі судан өте алмай тұрған қызды байқап, оны арқалап құрғақ жерге өткізіп жібереді. “Қандай әсерлі сәт” дейді кадр сыртында сөйлеген қыз. Видео 4 мыңнан астам лүпіл жинады.

Кейін BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев видеодағы жігіт өзі басқаратын компанияның Астанадағы нысандарының бірінде қызмет ететін азамат екенін айтты.

“Оның есімі – Қапият Дәулет, біздің қатардағы қызметкер, Астанадағы нысандардың бірінде жедел есеп маманы. Қиын жағдайда сөзсіз көмекке келетін жігіттерді мақтан тұтамын. Осы бір топан су күнінде апатты жеңуге көмектесетін де дәл осындай жігіттер”, – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.

 

Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті құттықтады

Париждегі Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті Эммануэль Макрон құттықтады. Видео желіде тарап, жұртты тәнті етті.

Қазақстандық инженер, әлемге үздік студент екенін дәлелдеген Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Видео Санжар Тайжанның Instagram-дағы жеке парақшасында салынған.

Сол күні француз көшбасшысы Эммануэль Макрон жастарды кезіктіріп, олардың сөз байласқанын көріп, құттықтаған. Ол жұптың қай елден екенін сұрады. Кейін Қазақстаннан екенін біліп, Макрон бұл елде болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы тұқымды екі күшікті сыйлағанын айтқан.

“Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция президенті – Эммануэль Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады”, – деп жазды Санжар Тайжан видео астына.

 

Алматыда жер сілкінгенде дәрігерлер науқасқа ота жасауды жалғастыра берген

4 наурызда Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Сол кезде науқасқа ота жасап жатқан бір топ дәрігерлер ғимараттан шықпай, отаны жалғастыра берген. Видео ұлттық кардиология институтында түсірілген. Автордың сөзінше, ғимараттағы өзге адамдар далаға шығып кеткен.

«Ал біз шыққымыз келсек те шыға алмаймыз», – деп жазды автор.

Желі қолданушылары дәрігерлердің бұл әрекетіне тәнті болып, алғысын жаудырды.

 

Анасына қазақ тілін үйреткен қыздың видеосы жұртты тәнті етті 

Видео Tiktok әлеуметтік желісінде жарияланған.

«Сәлем, Қазақ елі. Бірінші сыныпта демалыс басталды, бірақ мен жай отырмаймын. Анама ана тілінен сабақ беремін», – дейді кішкентай қыз.

Видеода оқушы қыз анасына өзін қазақша таныстыруды үйретеді. Сосын сөзді дұрыс айтқан анасының ынтасын бағалап 5 деген баға береді.

«Кім жақсы оқыса соған бес, ал кім жаман оқыса соған екі. Аман болайық, Қазақ елі», – дейді бүлдіршін.

Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары қыздың қазақша таза сөйлегеніне таңғалып, ізгі тілектерін жаудырды.

 

Періште жүрегіңнен айналдым: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен бала

Желіде тараған видеода 4-5 жасар бала қолына қап ұстап, ішіне құм салғызып жатыр. Өзі су тасқынына байланысты құм салынған қапшықтарды дайындап жатқан ересектер аласында жүр. Қапты көтере алмаса да, үлкендерге көмектескісі келген балақайдың бұл қылығы желі қолданушыларын елжіретіп жіберді.

 

Халық көшеде арба сүйреп жүріп модельге айналған тараздық қарияға сүйсінді

Тараз қаласындағы 72 жастағы модель Берік атаның видеосы қазақстандықтарды тәнті етіп жатыр. Көшеде арба сүйреген қария кездейсоқ фотографты көріп өзін суретке түсіруді өтінген. Кейін оның ерекше мейірімді бейнесі күллі жұртты баурап алды. Желіде тараған видеода арбасын сүйреген көшедегі қарияның күлімдей қуана суретке түсіп түрғаны көрсетілген. Бейнероликтің авторы Асылбек Амандосовтың айтуынша кезекті түсірілімі кезінде арбасын сүйретіп өтіп бара жатқан қария жақындап өзін суретке түсіруін сұраған.

Желідегі бейнеролик 600 мыңнан аса рет қаралған. Бұл бейнероликтен соң көпшілік қарияның ерекше харизмасын байқап, киноға түсетіндей таланты бар десті.

Осыдан соң Асылбек қарияның сырт келбетін өзгертіп, шаштаразға апарып, арнайы образдағы киімдермен гүл сататын дүкеннің жарнамасына модель ретінде түсірген.

 

Алматылық мектеп директорының алғашқы қоңыраудағы биі көпті тәнті етті

Алматыдағы №209 мектеп директорының билеген видеосы желіде тарап, көпті сүйсіндірді.

Директор Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге биледі. Сол кезде оны көпшілік видеоға түсіріп алса керек.

Кейін Болат Мыңбаевтың 37 жаста екені белгілі болды. Ол тарих пәнінің мұғалімі екен, оның педагогикалық өтілі – 16 жыл.

 

Алматылық ару жақындарына күйеуге шығатынын айтып, олардың реакциясын көрсетті

Ғазиза есімді алматылық ару өзіне Парижде үйленуге ұсыныс жасалғанын және оны қабыл алғанын жақындарына жеткізген. Ол бұл хабарды видеоқоңырау арқылы туғандары мен достарына айтып, әсерлі сәтті видеоға таспалап алды.

Қуанышты жаңалықты естіген олар қызды құттықтап, жастарға бақыт тілейді. Бикештің туғандарының арасында көзіне еріксіз жас алғандар да кезіккен.

«Керемет сезім», «Күшті естелік, естен кетпейтін сәттердің бірі», – деп жазды желідегілер. Бұл видео 10 500 рет қаралған және адамдар оны бір-біріне 1092 рет жіберген.

 

Талқылау

Әзірбайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде әрекеті үшін Қазақстанға алғыс айтты

Материалға сілтемені көшіру

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Ақтау маңында AZAL әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған кездегі әрекеттері үшін алғыс айтты.

Ильхам Әлиев халықаралық әуежайда сұхбат берген кезде Қазақстанды атап өтті.

«Біріншіден, мен президент Тоқаевқа телефон соғып, ризашылығымды білдірдім. Оқиға орын алған бойда қазақстандық құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, адамдарды шығаруға кірісті. Олар не боларын білмей, өз өмірлерін қатерге тікті. Тағы бір жарылыс болды ма, жоқ па, соған қарамастан көмектесті. Олар бұл тұрғыда нағыз ерлік көрсетті», – деді Әлиев.

Ол қазақстандық дәрігерлердің еңбегін, сондай-ақ бүкіл ел азаматтарының қайғылы оқиғаға деген көзқарасын атап өтті.

«Қазақ бауырларымыздың ынтымақ-бірлігінің көрінісі әзірбайжан халқының жүрегінде үлкен із қалдырды. Қарапайым азаматтар Ақтаудағы консулдығымызға келіп гүл шоқтарын қойып, өз сезімдері мен ынтымақтастығын білдірді. Міне, нағыз достық пен бауырластық», – деді Әзірбайжан президенті.

Әлиев Тоқаевпен қайғылы оқиғаны тергеуге қатысты мәселелерді талқылағанын айтты.

«Тоқаевқа қайғылы оқиға салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапқанына байланысты көңіл айттым. Ол да маған көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғаға қарамастан, Қазақстанмен достығымыз бен бауырластығымыз одан әрі нығая түсті — деді Әлиев.

фото:

https://stan.kz/2024-zhilgi-zhan-zhilitar-areketter-men-halikti-tanti-e-411807/

Leave A Reply

Your email address will not be published.