18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

1 162
18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Менің Мұхтарды шын түсініп, оның айтқандарын аңғарып, ұғып, әңгімелесуге жараған шағым 1939-1940 жылдар еді.18 наурыз – Ұлттық киім күні
Бүгін Мұхтармен көп кездескен шақтарымның бір кезеңін ғана баян етпекпін. Сонда көрген, білген, естігендерімнің есте қалғандарын, асырмай да жасырмай, қысқаша болса да жазып көремін.Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізіледі
1940 жылы жазды күні июнь айында Семейге келген сапарында Мұхтар бірталай уақыт біздің үйде болды. Ол кезде біз Қызыләскер көшесінде (65-і үй), қораның ішіндегі екі бөлмелі үйдің бір бөлмесінде тұратынбыз. Үстінде жағасы кестелі ақ көйлек, аяғында жеңіл хром етігі болатын. Сол жылы Мұхтар Әуезовпен Леонид Соболев жазған “Абай” пьесасын Алматы драма театры сахнаға шығару әзірлігін жасап жатқан кезі еді.
Пьесаны қоятын режиссер Асқар Тоқпановты және театр суретшісі Голубовичті Мұхаң өзімен бірге Семейге ерте келіпті. Ондағы мақсаты оларды Абай елінің тұрмыс-салтымен таныстырып, ол елдің үй-жұртын, жасау-жабдығын, киім-кешегіне дейін көздеріне көрсету еді. Оларды ертіп жүріп, біздің үйде, басқа таныс үйлерде ерте кезден сақталған түрлі киім-кешектерді, үй тұрмысында болатын заттарды, өлкетану музейінде тұрған қазақ үй жабдықтарын көрсетіп, солардың бәрін сипаттап айтып берді. Оларды суретші Голубович өз қолымен қағазға бейнелеп салып және фотосуретке түсіріп алып отырды.
Бір күні Мұхаң менің шешеме:
– Мақып жеңгей, сіздің үйде бұрын бәйбішелер, қыз-келіншектер киетін киімдер сақталған болуы керек? – деді.
Менің шешем:
– Оның бәрі қайдан сақталсын. Сонда да сандықта жатқандары бар – деді.
– Сол киімдеріңізді өзіңіз, қыздардың киетін киімдері болса, мына Фархинұр келінге кигізіп, көрсетуге болар ма еді? – деді Мұхтар.Ұлттық киім тек Наурыз айының айшығы ма?
– Неге болмасын, – деп шешем де, келіні де киінді.
Мұхтар режиссер мен суретшіге:
– Әр елдің киімінің өзіне тән үлгісі болады. Міне, көріп алыңдар, Абайдың бәйбішесі, ол елдің қыздары осылай киінеді. Сахнада осының бәр-бәрін өз қалпында, дәл көрсету қажет, – деді. Художник фотосуретке түсіріп алды. Сол суреттердің бір-бір данасы қазір де біздің үйде сақтаулы.18 марта в Казахстане празднуют Ұлттық киім күні — Новости Шымкента
Кейін “Абай” пьесасы сахнада қойылғанда Мұхаңның айтқандарын режиссер де, суретші де, артистер де айнытпай орындады. “Абай” пьесасы Алматы драма театрында тұңғыш койылғанда мен Мұхаңның үйінде едім. Мұхаңмен бірге барып ойынды көрдік. Және сахнаның әрбір көрінісін, ойнаған артистерді суретке түсіртіп алдық. Сол суреттердің бір-бір данасы өзіміздің Абай музейінің архивінде болса керек. Кейбіреулері өз қолымда да бар.Ұлттық өнер – ұлттық киім » «Өскен өңір» - Шиелі аудандық газеті
“Абай” пьесасын қойып жүрген режиссерлер, театр суретшілері, артистер Мұхаңның осы өнегесінен үлгі алса ғой. Бірақ, қазір оны елеп, ескеріп жүрген театр қайраткерлерін көре алмай жүрміз.
 
Алматының үлкен театрларының сахнасынан жазды күні басына туырлықтай түлкі тымақ (қай елдің тымағы екенін тану қиын) киіп алып, оның екі құлағын қалқайтып жоғары қайырып байлап алып, Абай болып ойнап жүрген артисті көргенде, мынаны көрсе Мұхтар қайтер еді деген ойға қаласың.
Қайым Мұхамедхановтың естелігінен:

Leave A Reply

Your email address will not be published.