«-15°С-қа дейінгі аяз»: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

111

Синоптиктер кезең басында терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді деп болжады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр болады. Шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанады. Алайда 4 қарашада циклоннан кейін батыстан антициклон келеді. Сондықтан түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3 градустан, -15 градусқа аяз, күндіз 3 градустан -8 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 градустан — 5 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градустан -10 градусқа дейін аяз, күндіз 5-тен -15 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі.

https://stan.kz/15degs-ka-deyingi-ayaz-sinoptikter-aldagi-demalis-kund-390652/

Leave A Reply

Your email address will not be published.