12 өңірде ескерту жарияланды

110

Қазгидромет 10 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 17-22 м/с болады.

Алматы қаласында 10 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с  құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында тұман болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

https://turkystan.kz/article/216076-12-onirde-eskertu-zhariyalandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.