Алматыда ТЖМ құтқарушылары тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға құлап кеткен баланы аман алып қалды.
112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында терең орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.