1 жыл бұрын жоғалып кеткен азаматтың денесі Өскеменнен табылды

319

Алматыда бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі Өскеменнің шетіндегі орман белдеуінен табылды деп хабарлады turkystan.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

LIDER.KZ еріктілер тобының мәліметінше, Алматыда 2021 жылдың 13 наурызында 1991 жылы туған ер адам жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 6:30 шамасында Райымбек даңғылындағы жұмысынанн шыққан, кейін оны ешкім көрмеген. Жақында еріктілер жас жігітті іздеу жұмыстары тоқтағанын хабарлады.

«Ер адамның денесі Өскемен қаласының іргесіндегі орманнан табылды. 19 шілдеде бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде», – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.