Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын жаңа палата құру ұсынылды: Ол немен айналысады

17

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылып, оған 50 адам кіретін болады. Жаңа алаңда заң жобалары қабылданбай тұрып, яғни «нөлдік оқылым» кезеңінде қоғамдық және сараптамалық талқылау жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс. Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр.

Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының жеке қабылдауына жазыла алады
Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының жеке қабылдауына жазыла алады
Оқыңыз
Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу. Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдар мен балама ұстанымдарды ескеруге мүмкіндік береді.

Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады.

Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай журналистердің баспасөз орталығынан тыс жерде депутаттарға сұрақ қоюына тыйым салмақ екені хабарланған еді. Құрылтайдың екінші отырысынан кейін Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков жаңа ережені мәлімдеді. Оның айтуынша, егер депутат қаласа ғана сізге сұраққа жауап беруге шығады. Сөзінше, қазір құрылтайда жұмыс істеудің жаңа форматын көздейтін жаңа шешімдер әзірленіп жатыр.

Фото: Құрылтай

Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.