СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 76,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕНГІЗІЛДІ

Написано

в

Облыста суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқап көлемін жылдан жылға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылы заманауи технологиялар енгізілген алқапты 76,6 мың гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі күні су үнемдеу технологиялары 76,8 мың гектар алқапқа жеткізілді. Оның 52,9 мың гектарына тамшылатып суару, 20,0 мың гектарына жаңбырлатып суару және 3,9 мың гектарына лазерлік жоспарлаушы технологиялары енгізілді.
Айта кету керек, өткен жылы 44,6 мың гектарға тамшылатып суару, 19,3 мың гектарға жаңбырлатып суару, 2,6 мың гектарға лазерлік жоспарлаушы технологиялар енгізіліп, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап 66,5 мың гектарды құраған болатын.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *