Үшжақты комиссия отырысы өтті

120

Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына «Жамбыл облыстық кәсіптік одақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов арнайы қатысты.

Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы ауданда еңбек шиеленістері мен наразылықтарды болдырмау, алдын алу және жедел әрекет ету шаралары, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек қатынастарын заңдастыру, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыскерлердің жалақысын көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қазфосфат ТКӨК» ЖШС-нің әлеуметтік-еңбек қатынастарының жай-күйі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары туралы кәсіпорынның персоналды басқару жөніндегі директоры Жандос Бердіғалиұлы баяндады.

Сонымен бірге, «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнының директоры Әбутәліп Тұрсынбекұлы мекемедегі әлеуметтік-еңбек қатынастарының жай-күйі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
✅Қос тарапқа да сұрақтар қойылып, үшжақты комиссияның аудандағы жұмыскерлер мен жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі рөлі жөнінде ақпарат берілді.
Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Жиенәліұлына еңбек шиеленістері мен дауларының алдын алу, әлеуметтік-саяси ахуалды тұрақтандыру бойынша біршама тапсырмалар беріп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.
Жиынды аудан басшысы қорытындылап, қос баяндамашыға еңбек қауіпсіздігі мен қатынастарын сақтау, еңбек шиеліністерінің алдын алу бойынша нақты алгоритммен жұмыс жасау қажеттігін айтты.

 

✅ Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.