Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі

761

Жуырда ЖД-158/4 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің «Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» конкурсы өтті. Аталған сайысқа департаментке қарасты ЖД-158/2,4,5,7 мекемелерінде өткен жарыста жеңіске жеткен жасақ тәрбиешілер кеңесі төрағалары қатысты.

Жалпы, бұл конкурстың мақсаты — жасақ тәрбиешілер кеңесінің бірлігін нығайту, беделін арттыру, моральді-психологиялық ахуалды жақсарту, сотталғандармен тәрбие жұмысы сапасын арттыру және жалпы кәсіби ұйытқыны құру болып табылады.

Жасақ тәрбиешілер кеңесі жасақ бастығына сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізуге көмектесу үшін құрылады, сотталғандардың тұрмысын жақсартуға, олардың режим талаптарын және заңға тәуелді тәртібін сақтауға, мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауына, еңбекті ұйымдастыруға, оқытуға, медициналық сүйемелдеуге, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, босатылатындарға еңбектік және тұрмыстық орналасуға, сотталғанның мінез-құлық дәрежесін анықтауға, ізгілік актілерін қолдану мақсаттылығын қарастыруға және жасақ өміріндегі өзге мәселелерді шешуге ықпал жасайды.

Айта кетейік, конкурсте қатысушылар сәлем беру бөлімінде жасақ тәрбиешілер кеңесінің төарағалары оның эмблемасын сауатты және әдемі ұсынып, ЖТК жұмысы туралы қысқаша айтса, екінші бейнероликтер бөлімінде жасақ жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сабақтарды өткізу, жеке сұрақтармен қабылдау, ЖТК отырысын өткізу, жасақ бастығы кабинетін ресімдеу, көрнекі насихат басылымы, жататын жағдайын және т.б. ұйымдастырудағы жаңа әдістер туралы кеңінен сөз етті.  Ал үшінші Медициналық дайындау бөлімінде қатысушылар медицина саласындағы алғашқы білімі, әлеуметтік-маңызды аурулардың белгілері және профилактикасы, алғашқы медициналық көмекті көрсетудің дағдысын  қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Абылайхан Ильясов, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет майоры Әлібек Алдыяров, арнайы есеп тобының бас маманы әділет капитаны Нәзерке Бекталиева сондай-ақ сотталғандарды медициналық қамтамасыз  ету тобының бас маманы әділет майоры Ерлан Әбдібай, кадр саясаты тобының жеке құрам арасындағы аға инспектор психологы әділет капитаны Анна Дмитриенко қазылық еткен сайыста ЖД-  158/4 мекемесінің №5 жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Мейрамбек Бекхожаев жеңіске жетті.

Ермек БЕСПАЕВ,

ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және

әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімі бастығының м.а., әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.