Үкіметтік емес ұйымдар жұмысы түсіндірілді

518

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық-ресурстық орталығы қызметін жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында төмендегі жұмыстарды атқарды.

Орталықта «телефон арқылы кеңес» желісін ұйымдастырылуда;

Ауылдық азаматтық бастамаларды қолдау, сондай-ақ ауылдық ҮЕҰ институционалдық дамыту және әлеуметтік жобаларды үйлестіруді үйрету мақсатында ауылдық ҮЕҰ және жаңадан ашылған бірлестіктерге мемлекеттік тілді пайдалана отырып, білікті тренерлерді тарта отырып, 5 мәрте оқыту, консультативтік семинарлар өткізілді.

Тақырыпқа сәйкес барлық іс-шаралар қатысушыларын ақпараттық таратпа материалдармен (буклеттер, постерлер, флаерлер және т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылып, үйлестірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.