Жолдау – Қазақстанның жүйелі жаңғы­руын қамтамасыз ете­тін бірегей бағдарламалық құжат

496

Ағымдағы жылдың басында ел өміріндегі маңызды құжат –  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жасады.

Жолдау – Қазақстанның жүйелі жаңғы­рудағы 10 басым бағытын жү­зеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат.

Өйткені, қазақстандық индустрия мен агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инф­ра­құрылымды цифрландыру, тұр­­ғын үй құрылысы мен коммунал­дық секторға жаңа технология­ларды енгізу – Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мұның барлығы Қазақ­стан­ның жаңа әлемдегі жетек­ші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.

Сонымен қатар, Пре­зидент дәстүрге сай биыл да әлеу­меттік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адами капитал­ды қазақ­стандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретін­де белгілеген.

Елбасымыз­дың Жолдауында елімізді сая­си, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгі­лен­ген. Ол жаңа экономикалық саясат, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттер.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру барлығымызға үлкен жауапкершілік, зор сенім.

Ел саясаты мен Үкімет тапсырмаларын жүзеге асыруда ынтымақ пен ауызбіршілік арқасында Сарысу өңірінде тұрақты экономикалық өсім қалыптасып келеді. Бұған ауданның әр тұрғыны өзіндік үлес қосып отыр.

Балабек Нарбаев, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.