Жолаушыны соққыға жыққан кондуктор: Автопарк басшысы түсініктеме берді

513

Алматы автопаркінің басшысы жолаушы әйелді соққыға жыққан кондукторға қатысты түсініктеме берді.

«Жолаушы әйелдің айтуынша, оны мас кондуктор ұрған. Аталған дерекке байланысты жолаушы полицияға арыз жазған сондай-ақ, медициналық сараптама жасады. Енді біз құқық қорғау органдарының  шешімін күтіп отырмыз. Егер дерек расталса, кондуктор жұмыстан босатылады»,- деді  «Green bus» ЖШС басшысы Бауыржан Кулишев. Сонымен қатар, парк басшысы қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Айта кету керек, алматылық келіншекті мас кондуктордың соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.