Жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

361

«Antikor» сервистік орталығында жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Облыс студенттері арасында өткізілген жобалар байқауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында 12 жоба келіп түсті. Қоғамның дерті болып табылатын сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, онымен күресудің тиімді тәсілдері, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың кешенді жоспарлары туралы идеяларын жобаға түсірген студенттер жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдерін ұсынды.
Нәтижесінде 1 орынды – Жолдасбек Ақбота Нұрахметқызы, М.Х.Дулати университетінің студенті; 2 орынды – Ағындықова Аида Бекдулдақызы, М.Х.Дулати университетінің студенті; 3 орынды – Қуанышбай Мерей Құралбайқызы, М.Х.Дулати университетінің студенті иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.