Кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуына серпін беретін, жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін маңызды сала. Қоғамда белсенді азаматтық ұстаным танытып, мемлекетпен бірге еңбек етіп келе жатқан кәсіпкерлердің еңбектері әрдайым құрметке лайық.
Осыған орай биыл елімізде алғаш рет Кәсіпкерлер күні атап өтілді. Бұл – жаңа мүмкіндіктер жасап, жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияларды енгізіп, экономиканы алға жылжытатын адамдардың мерекесі.
Осы мақсатпен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде салтанатты шара өтті. Онда мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев мекеменің өндіріс аумағындағы РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында жаңа жұмыс орындарын ашып, сотталағандарды жұмыспен қамтып және жұмыспен қамтылғандардың санын арттырып отырған кәсіпкерлерге зор денсаулық, мол табыс, берекелі іс, кәсіптеріне тұрақтылық пен дамуын тілеп, Алғыс хатпен марапаттады.
