Жазасын өтеуші скайп арқылы бала күнгі құрбысын сәбилі болуымен құттықтады

364

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші Алексей скайп арқылы бала күнгі құрбысын сәбилі болуымен құттықтады. Алматы қаласында тұратын Алексейдің құрбысы Рамина бір ай бұрын ұлды болған.

— Алексей екеуміздің балғын балалық шағымыз бірге өтті. Оның маған деген жанашырлығы сол шақтардан басталды. Мерекелер де ол мені үнемі құттықтап, сыйлық жасайтын. Тіпті, қазір темір тордың ар жағында болса да, достығымызды ұмытпай ана атануыммен құттықтап жатыр. Ұлымның есімі – Радмир. Өз басым бала күтімінде болғандықтан, Алексейдің жағдайын көзбен көріп қайта алмаймыз. Алайда, онымен бейнебайланыс арқылы жүзбе-жүз тілдесуге мүмкіндік алдым. Сол себепті, мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Ал Алексей жазасын өтеп шыққан соң, өз отбасымен қауышатынына сенімім мол, — деді Рамина.

2014 жылдан бері жазасын өтеуші Алексей үш жылдан кейін шартты түрде босап шығу мүмкіндігіне ие болады. Ол өзі айтқандай, бостандыққа шыққаннан кейін отбасына оралып, қателігін қайталамауға тырыспақ.

— Менің екі ұлым бар. Үлкенім 15-те, кіші ұлым жақында 7-ге толды. Бостандыққа шыққан соң, балаларыма көп көңіл бөлгім келеді. Өз қателігімнен сабақ алып, ұлдарымның оны қайталамауына күш жұмсайтын боламын, — дейді Алексей.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.