Жастардың жетістігі – Отанымыздың табысы

209

-Толық аты-жөніңіз, қызметіңіз.

-Бедельбаев Расул Базарбекович, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің  ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

-Жастар саясатында қызмет көрсеткеніңізге неше уақыт болды?

11 жыл, 3 ай

Жастар саясатында нені өзгерткіңіз келеді?

-Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – жастар тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер (үйлер, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуіне қатысты өзгерістер енгізер едім.

-Сіздің жастарға деген сеніміңіз қандай? Және не себепті олай ойлайсыз?

-Елімізде білікті жастар көп. Дамитын бағыттар да жеткілікті. Жастардың елімізді қорғап, оны нығайта түсетініне өздерінің бар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенім білдіремін. Әрбір жастың жеке жетістігі – тұтас Отанымыздың табысы деп білемін. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады.

-Жастарға арналған қай мемлекеттік бағдарламалар сіздің аймақта жүйелі орындалуда?

Қордай ауданының жастары арасында Серпін-2050 бағдарламасы және Дипломмен ауылға бағдарламасы жүйелі түрде орындалуда.

-«Болашақ – жастардың қолында» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?

-Толықтай келісемін, Себебі, біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек- жастарда.Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

-Тәуелсіз мемлекеттің жастары қандай болуы қажет?

-Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай..

-Өңіріңіздегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстарына тоқталсаңыз.

-Аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түрлі мәдени, спорттық, интеллектуалдық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар жастарға бос уақытын тиімді пайдалану үшін ауылдық округтерде арнайы аула клубтар орналасқан.

-Жастардың еңбек сатысымен көтерілуінде аға буынның алатын орны туралы айтып өтсеңіз.

-Қоғамдағы рөлі мен міндеті артқан сайын аға ұрпақ өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсетіп, өздерінің қадірін біліп, жастардың орынды істерін, оң пікірлерін қолдап-қуаттап, қателерін түзетіп, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтейді. Кейінгі ұрпақ аға буынның озық өнегесін сақтап, одан ғибрат алып, өз өмір тәжірибесінде ілгері дамытып, өз кезегінде кейінгі буынға жеткізіп отыруға ерекше мән береді.

-Ауыл жастары неліктен үлкен қалаларға арман қуып келеді?

-Жалпы, жастар ауылда оқып, жұмыс істеп, өсіп , өздеріне қажетті дәріс пен тәжірибені жинақтап алған соң, жоғары шығып, одан да биік белестерді бағындырғысы келеді. Себебі, жастарда күш-қуат көп, талпыныс пен жігер де аз емес, сондықтан да қалаға барып өздерін жетілдіріп, одан да көп тәжірибе жинағылары келетін болғандықтан шығар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.