Жаңатаста ас тұзын шығаратын зауыт ашылды

1 492

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысында ашылатын әлеуметтік және басқа да 20 нысанның ішіндегі соңғысы – Сарысу ауданындағы ас тұз өндіретін «Асылтұз» зауытының ашылу салтанаты болып өтті.
«Соляная компания «Асыл тұз» ЖШС-нің ас тұзын өндіретін зауыты аудан орталығы Жаңатас қаласында орын тепті. Кәсіпорын құрылысына 710 миллион теңге қаржы жұмсалды. Зауыт жылына 50 мың тонна тұз шығаруға қауқарлы және 75 адам жұмыспен қамтылатын болады. Олардың орташа жалақысы 60-80 мың теңгені құрамақ.

Еске сала кетейік, «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы аясында Жамбыл облысында 8 балабақша, 5 спорт нысаны, 3 өндіріс орны, 1 медицина нысаны, 1 тұрғын үй, 1 мұражай және 1 ауылшаруашылық кооперативі пайдалануға берілді.
Мұнымен тоқтамай, 3 шілде күні Жуалы ауданындағы құны 22 миллиард 667 миллион теңге болатын «Burnoye Solar-2» ЖШС күн электр стансасының ашылу салтанаты болады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.