Жамбылдық кітапханашылар облыстық байқауда бақ сынады

509

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы – ХХІ ғасыр мамандығы» тақырыбында «Жыл маманы» облыстық байқауы өтті.

Кітапханашылар сайысына аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен 9 қызметкер  қатысты.  Байқауды облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары З. Сембина, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Ж.Құттыбаева,  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, Тараз қалалық ОКЖ директор орынбасары Ұ.Саулебаева, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры А.Оразқұловадан құрылған әділқазылар алқасы кітапханашыларды 5 балдық жүйеде бағалады.

Үміткерлер байқаудың          «Кітапханашы – мәртебелі мамандық», «Білікті маман – Ел тірегі», «Не үшін мен өз мамандығымды сүйемін», «Таныс болайық», «Ширату», «Кітапхананың ақпараттық ресурстары», «Ас – адамның арқауы» бөлімдері бойынша бақтарын сынады.

Озық ойы мен кәсіби білімін, шеберлігін көрсеткен Талас аудандық кітапханасының кітапханашысы Д.Серикбаева бас жүлдеге, ал  Жуалы аудандық ОКЖ кітапханашысы А.Алтайбекова 1-ші орын,  Сарысу аудандық ОКЖ кітапханашысы А.Почтаева 2- ші орын, Т.Рысқұлов аудандық ОКЖ кітапханашысы М.Керимбаева 3-ші орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған үміткерлер ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттарға ие болды.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.