Жамбылда біріңғай «Адалдық сағаты» өтті

614

Бүгін Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Әділхан Әшірбаев және облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың қатысыуымен 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық сағаты» өткізілді.
Сонымен қатар, сағат 10-00 уақытымен Департамент қызметкерлері, Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары және қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен облыстық барлық білім ордаларында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — білім күнінің алғашқы сабағында оқушылар арасында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау және тәрбиелеу болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.