Жамбыл облысында жаңадан кәсіп ашқандарға грант бөлінеді

544

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қатысушыларының жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мемлекеттік гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында облыс аудандарынан келген 30 қатысушы өз жобаларын комиссия назарына таныстырды. Ал, Я«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтың төрағалық ететін комиссия ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі қарады.  Таныстырылған жобалар негізінен қызмет көрсету саласы, тігін, шаштараз, мал шаруашылығын дамыту, көлік жууға қатысты болды.

– Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке, яғни 240 500 теңгеге дейінгі көлемде беріледі. Биыл республика бюджетінен Жамбыл облысына гранттық қаржыландыруға жалпы 7 215 000 теңге бөлінді. Естеріңізге салсам, мемлекеттік гранттар жаңа бизнес идеяны жүзеге асырып жатқан немесе жоспарлап жатқан Бағдарлама қатысушыларына қайтарымсыз негізде қажетті жабдық алуға беріледі, – деді жиында сөйлеген сөзінде палата директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Аспандияр Сейсебаев. 

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия отыздан жиырма бес жобаны іріктеді.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.