Жамбыл облысында «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық кезеңі өтті

10

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жайдарлы Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінін ұйымдастыруымен 29-қазан күні Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Аса ауылында жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті. Аталған шараға аудандық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен 5 команда қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Финалдық кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты өтті. Әзіл мен тапқырлыққа құрылған сайыс барысында командалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, бірлік пен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Жайдарман ойындарының негізгі мақсаты – аудан және ауыл деңгейінде көңілді тапқырлар қозғалысын дамыту, жастар арасында мәдени белсенділікті арттыру және олардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау болып табылады.

Сайыс қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелер анықталды:

  • І орын«Диктаторы» командасы (Меркі ауданы);
  • ІІ орын«Болашақ жұлдыздар» командасы (Байзақ ауданы);
  • ІІІ орын«СМЖ» командасы (Байзақ ауданы).

Сонымен қатар, ерекше өнерімен көзге түскен Мырзабек Ерзат (Тұрар Рысқұлов ауданы) «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Жамбыл облысында дәстүрлі түрде өткізілетін жайдарман ойындары жастардың шығармашылық ізденісін қолдап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға септігін тигізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.