Жамбыл облысында газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

649

Жамбыл облысында желтоқсан айына дейін 53 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі баспасөз маслихатында атап өтті.

«Газға қатысты айтсақ, бүгінгі күнге 377 елді мекеннің 181-і немесе 48 пайызы газдандырылған, яғни, 806 070 адам. Осы елді мекендердің ішінде тұрғындардың 11 пайызы немесе 88 мың адам газ торабына қосылмаған, себебі, көшеден үйге кіргізу құны қымбат — 150 мың теңге. Бұл мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіліп,  жұмыстың құнын 82,7 мың теңгеге дейін төмендеттік»,- деп атап өтті А.Мырзахметов.

Айта кетсек, газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика министрлігіне магистралды құбыр құрылысына 43 млрд. 524млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім беріліп отыр.

ortcom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.