Жамбыл облысында 40 мәдениет үйі салынады

565

Жамбылда 40 мәдениет үйі соғылатын болды.

Бұл мəдени нысандар «2018-2020 жылдарға арналған елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту» картасы бойынша 2019-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен тұрғызылады. Бұл туралы сала басшысы Д.Бықыбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Атап айтар болсақ, ыңғайластырылған және мүлдем мәдениет үйі жоқ елді мекенде 2019-2021 жылдары 26, ал 2022-2025 жылдар аралығында 14 мәдениет үйін соғу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекемені қысқарту ұсынылды.

Айта кетейік, оңтайландырудан кейін барлығы 488 мекеме халыққа қызмет көрсететін болады.

– Облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекемені (оның ішінде 11 нормативке сәйкес келмейтін клуб мекемелері, 18 жеке меншікте орналасқан кітапханалар, 22 киноқондырғы мен 10 бейнемобиль) қысқартуға ұсынылып, басқармаға қарасты 12 архив, 3 кітапхана есеп санақ бөлімдерін орталықтандыру жолымен оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.  Нәтижесінде 49 941,0 мың теңге үнемделеді. Облыстағы барлығы 549 мекеменің оңтайландырудан кейінгі 488 мекеме халыққа мәдени қызмет көрсететін болады.

Тараз қаласының саябақтары, скверлерлері жаңғыртылып, «Жеңіс» саябағында «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Мұнда Бауыржан Момышұлының ескерткіші мен «Мәңгілік алау» өз орнын тапты. Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағы Батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар мен майданға аттанған 105 мың жауынгердің есімі жазылған «Даңқ аллеясы» ашылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы Тараз қаласында жаңадан 7 мекеме ашылмақ, олар “А.Әшімовтің” өнер орталығы, “Руханият” орталығы, “Желтоқсан-86” орталығы («Желтоқсан жаңғырығы» атты кітап шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде, желтоқсан айында шығады, тақырыптық жоспар жасалынды, Қ.Рысқұлбеков пен желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы деректер жинақталуда), “Даңқ” музейі (экспозицияда Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысушылар туралы деректер қойылады), Көрме залы, Жамбыл атындағы музей. Осы орайда, облыстық тарихи-өлкетану музейі басқа ғимаратқа көшіріліп, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы «Жамбыл атындағы музей» болып ашылып, «Руханият» орталығына жаңа заманауи үлгідегі ғимарат соғу мәселесі қолға алынатыны айта кету керек, – деді басқарма басшысы.

Жалпы, облыстағы құрылыс саласы бойынша 107 нысанның құрылысына 27 259,6 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 39 нысан пайдалануға тапсырылды. 51 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады. Қалған 17 нысан 2019 жылға өтпелі.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары:

  1. Білім саласы бойынша барлығы – 15 нысан (4 169,1 млн. теңге);
  2. Денсаулық сақтау саласы бойынша – 10 нысан (673,1 млн. теңге);
  3. Ауыз сумен қамтамасыз ету – барлығы 19 нысан (8 295,8 млн. теңге);
  4. Тұрғын үй құрылысы – 20 нысан (7 220,0 млн. теңге);
  5. Инженерлік – коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету – 31 нысан (5 008,8 млн. теңге);
  6. Спорт саласы бойынша – 7 нысан (1 620,3 млн. теңге);
  7. Басқада бағыттары бойынша – 4 нысан (272,3 млн.теңге) бағыттары бойынша жүзеге асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.