«Жағдайы өте ауыр»: Мұхтар Шахановтың келіні елге үндеу жасады

59

Әлеуметтік желіден

«Жағдайы өте ауыр»: Мұхтар Шахановтың келіні елге үндеу жасады: 7 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Әлеуметтік желіде өзін ақын Мұхтар Шахановтың келіні ретінде таныстырған Жаңагүл Өмірбекова қайын атасының қазіргі жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Жазбасында Жаңагүл Өмірбекова Мұхтар Шахановтың айтқанын тез ұмытып қалатын науқас күйде екенін, сондай-ақ жақында екінші ұлынан айырғаннан кейін психоэмоционалдық жағдайы қатты әлсірегенін атап өтті.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ақын қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар.

«Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!» – деп жазды ол.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275826-zagdaiy-ote-auyr-muxtar-saxanovtyn-kelini-elge-undeu-zasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.