Заң және тәртіп

45

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы»  тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Заң және тәртіп» атты кездесулер өтті. Ата-аналарға бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына колледж студенттері, олардың ата-аналары мен оқытушылар, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қатысты. Бала дүниеге келген кезден баланың азаматтық құқығы басталады. «Балалар құқығының» заңдары (1-бап), онда балаға келесі сипаттама беріледі — 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Бала құқығы – жалпы азаматтық құндылық — балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілгені аталып өтті. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді дей келе, заңды білу — заман талабы екені, ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы — оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан-жақты реттелген. «Бірлесе атқарған жүк жеңіл» деген қағидамен іс-әрекеттер барысында ата-аналарға заң аясында кең мәліметтер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.