Вальс королінің туған күніне орай жиын өтті

132

15 тамыз – қазақ даласын әнмен тербеткен вальс патшасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Әкесі Әнәпия «Ұлым болса,Жәмшид патшаның есімін беремін» дейді. Көп ұзамай әке тілегі орындалып,  атұстары дүниеге келеді. Сол перзент Жәмшид патшадай ел билемесе де, әнімен жүректерді билеп, ән әлемінің патшасына айналды.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің жеке құрамымен арнайы жиын өтті. Мекеменің кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты А.Жүнісова ұйымдастырған басқосу барысында қызметкерлерге композитордың өмірі жайлы толық мағлұмат беріліп, шығармашылығы жайында баянды сұхбат құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.