Ұлттық күнтізбеге сай, халыққа 20 инфекциялық ауруға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі. Қазақстанда халықты иммунизациялау үшін мемлекеттік тіркеуден өту рәсімінен өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі — күрделі көпкезеңді процесс және оған вакцинаның сапасын зертханалық бақылау қосылады. Сонымен қатар, өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады.



«Биыл профилактикалық екпеден бас тартудың 736 жағдайы тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда оның 16 %-ға өскені байқалды. Бас тартулардың ең көбі 1 жасқа дейінгі балаларға келеді — 48,6%, 1-2 жаста 28,3% бас тартулар тіркелген, 2-5 жас – 14,3%, 6-15 жас — 8,8%. Бас тартулардың негізгі себептеріне тоқталсам, 50,5% — жеке пайымдаулары, 35,1% — вакцинаға дегшен сенімсіздік, 14,4% — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған жағымсыз мәліметтер екенін атап көрсетті вакцинациядан бас тартқандар», — деді спикер.