Ұзақ және қысқамерзімді кездесуге келетін азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

40

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Президент әкімшілігінің басшылығымен өткен жиналыс хаттамасының 4.4 пунктінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеушілердің қолдануына тыйым салынған заттардың өтуінің алдын алу бойынша нақты тапсырма берілген. Бұл мақсатта арнайы контингентпен, олардың туыстарымен және түзеу мекемесі аумағына келетін өзге де тұлғалар – жалдамалы қызметкерлер, адвокаттар және т.б. арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелген.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жиын өтті. Онда мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілермен ұзақ және қысқамерзімді кездесуге келетін азаматтармен кездесіп, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар келушілердің сұрақтарына жауап беріп, толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.