Фото: ұлттық ұлан
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әртүрлі бөлімшелері бірігіп, мереке қарсаңында Қазақстан халқына ерекше музыкалық құттықтау жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құқықтық тәртіп әскерінің патрульдік-бекеттік қызметі, авиациялық базасы, қамтамасыз ету полкі мен Құрмет қарауыл ротасының өкілдері бірлесіп, Ән-би ансамблінің домбырашыларымен, сондай-ақ Үлгілі-көрсетімді оркестрдің дирижерларымен әйгілі «Балбырауын»күйін орындады.
Ұландықтар музыкалық композицияны орындау үшін астаналықтардың сүйікті орындарының бірі — “Сарқыраманы”сахнаға айналдырды. Астанаға сән берген әсем локацияда мөлдір судың ағысы мен ұлттық аспаптың қоңыр үні әдемі үйлесім тапты. Елуге жуық домбырадан шыққан күй әуезі ұрпақтар бірлігін, дәстүрлер сабақтастығын және ұлттық мұраға деген құрметті көрсетті.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шығармашылық акция арқылы қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтай отырып, ұлттық мәдениеттің әртүрлі мамандық иелерін біріктіретінін дәлелдеді.
Музыкалық жоба Отанға қызмет ету тек жауынгерлік міндеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, тарихы мен мәдени мұрасын сақтау екендігін көрсетті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/284033-ulttyq-ulan-qazaqstandyqtardy-dombyra-kunimen-quttyqtady