ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛЫҢ ЕЛ ДАҢҚТЫ АҚЫН, ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ МҰХТАР ШАХАНОВТЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ


Саналы ғұмырын ел руханиятына, тіл мен дәстүрді ұлықтауға арнады. Қазақ поэзиясын биік деңгейге көтерді. Оның жырлары мен әндері, драмалық туындылары халық жүрегінен орын алды. Туған жерге, махаббат пен адалдыққа үндеген еңбектері мәңгілік құндылыққа айналды. Ол тек әдебиетте емес, қоғам өмірінде де батыл үн қатты. Ол түркі дүниесіне ортақ рухани көшбасшыға айналды. Ақынның еңбегі бағаланып, оған ең жоғары мемлекеттік және халықаралық марапаттар берілді. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстанның Халық жазушысы» және «Қырғыз Республикасының халық ақыны» атақтары мен халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Өзінің туып өскен ауылындағы мектепке оның есімі берілді. Қасиетті Түркістан топырағынан түлеп ұшқан осындай дара тұлғалардың қалдырған ізі – келер ұрпаққа әрдайым үлгі. Бүгін ақынның соңғы аманаты орындалып, Отырар топырағында мәңгілік тыныс тапты. Туған топырағы, қазақ даласы Мұхтар ағамызды ешқашан ұмытпайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деді Нұралхан Көшеров.

Одан кейін Отырар ауданында көпшілікке ас беріліп, Құран бағышталып, ақын рухына дұға жасалды. Жиын барысында сөз алған ел ағалары, зиялы қауым, өңірлерден келген делегация өкілдері Мұхтар Шахановтың ел үшін сіңірген еңбегін, оның азаматтық ұстанымы мен шығармашылық биігін ерекше құрметпен атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі