Тындырымды тірлік көп

457

2019 жылдың ішінде мекеменің тылдық қамтамасыз ету бөлімі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мекеменің қызметін және арнайы контингенттің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
ҚР ІІМ Қылмысық-атқару жүйесі комитетінің ЖД-158/1 мекемесі ағымдағы жылға арналған дербес қаржыландыру жоспарына сәйкес, электр мен жылу қуатына, су мен кәріз жүйесіне қаражат бөлінді. Мекеменің аумағындағы ауыз су шығынының үнемі бақылап тиімді пайдалану мақсатында коммуналдық қызметтерге төлем жасау ерекшелігі бойынша қаражат үнемделіп, орталықтандырылған мұздай желісінен келетін мекеменің кіреберісіндегі ауыз су торабына есептегіш құралы орнатылды.
Мекемеге қалалық орталықтандырылған электр жүйесінен беріліп отырған электр қуатын үнемдеу мақсатында өткен жылы үнемдегіш электр шырақтары сатып алынды.
Бұдан бөлек, күнделікті тылдық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері басқа бөлімдердің қызметкерлерімен яғни режим, тәрби және бөлімдерімен бірлесіп қапастар мен басқа да жайларды аралап тексеріп соның барысында арнайы контингентке коммуналдық қызметті пайдалану кезінде үнемі тиімді пайдалану жөнінде түсірдірме жұмыстарын жүргізеді.
Мекеменің теңгерімінде тұрған дизель генераторлары қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Үстіміздегі жылы тылдық қамтамасыз ету бөлімінде төтенше жағдайлар мен келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. Сондай-ақ, мекемеде коммуналдық шығындар бойынша қарыздар жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.

Б.Сокжанов,
ЖД-158/1 мекемесі ьылдық қамтамасызх ету бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.