Бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген Тыл ардагерлеріне мереке күнінде құрмет көрсетілуде.![]()

Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков ауданымыздағы еңбек және Тыл ардагерлерінің үйіне барып, құттықтап қайтты. Шара барысында қазыналы қарттарды «ҰОС -на 80 жыл» төсбелгісімен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.![]()

Айта кетейік, бүгінде ауданымызда 43 Тыл ардагері өмір сүріп жатыр.