Бүгін жоспарға сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Жалпы, дәстүрге айналған қоғамдық қабылдаулардың ең негізгі міндеті − тұрғындардың өтініштерін қарап, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болса, бүгінде бұл үде орындалып келеді.

Жеке мәселелерімен қайырылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдарын жолдады. ![]()

Одан бөлек, жол, жұмыспен қамту және денсаулық саласына қатысты түйткілдер де көтерілді.
Көмек сұрай келген әрбір тұрғынның өтініші жеке-жеке зерделеніп, жуық арада нақты шешімдер қабылданатын болады.